5 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте 30-орында тұр.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

Стенд ату. Скит. Іріктеу. Аралас жұптық сын
12:00. Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко
 
200 м жүгіру. Жұбаныш кезеңі
15:50. Ольга Сафронова

Грек-рим күресі. 1/8 финал. 18:00.
130 кг.  Әлімхан Сыздықов – Алин Алексук-Чурариу
60 кг.  Айдос Сұлтанғали – Жоламан Шаршенбеков

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама