Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Олимпиада жүлдесіне іліге алмады

О Сансызбай Корреспондент

63,5 кило салмақта өткен жекпе-жекте ол канадалық Уайатт Сэнфордқа жол берді. Төрешілердің бөле жарған шешімімен қарсыласы жеңімпаз болып танылды. Канадалық кемі қола жүлдегер, ал Руслан жүлдесіз қайтады.

Руслан Олимпиада ойындарынан шығып қалған Өзбекстан құрамасындағы алғашқы боксшы. 2022 жылғы Азия, 2023 жылғы әлем чемпионы.

Бұл салмақта Қазақстан құрамасы сапында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бақ сынауда. Отандасымыз алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бүгін түнде грузин Лаша Гурулимен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қытай құрамасындағы қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқан да жарысты ерте аяқтаған еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама