Бокстан ұлттық құрама капитаны Олимпиаданы ерте аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Сали Сабиров

Бірінші раундтан бастап қарсыласы бірінші нөмірмен жұдырықтасуға ұмтылды. Асланбек қорғана жүріп, қарсыласының қателігін ұтымды пайдаланумен болды. Ал екінші раундты Зейяд ширақ бастады. Бірнеше соққысын дәл тигізді. Үшінші раундта да Зейяд алға ұмтылумен болды. Асланбек аянып қалмады, шабуылын үдете түскен еді. Үш раунд нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қарсыласына сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші жекпе-жектерін өткізген Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Айбек Оралбай қарсыластарын жеңіп шыққан болатын. 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 қола медаль бар. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама