Тарихи жеңіс! Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Сали Сабиров

Елдос қарсыласын негізгі уақытта-ақ жеңіп шықты. Белдесу аяқталуға бір минут қалғанда вазарри әдісін сәтті орындады. 

Финалдық белдесуді Франция президенті Эммануль Макрон арнайы келіп тамашалады.

Елдос бірінші белдесуінде Нидерланд елінен келген Торнике Чкадуаны жарыс жолынан шығарды. Одан кейін украиналық Дильшот Холматовтан айласын асырды.

Екі бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған Елдос ширек финалда әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған тайпейлік Янг Юнг Вейді жеңді. Жартылай финалда отандасымыз 2023 жылғы әлем чемпионы Франциско Гарригосты жеңіп шықты.   

Елдос Сметов үш бірдей Олимпиадада жүлде алған екінші қазақстандық спортшы атанды. Ол 2016 жылғы Рио Олимпиадасында – күміс, Токио Олимпиадасында қола алды. Бұл жолы алтын бұйырды. Дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен екінші жүлде. Осыған дейін нысана көздеуден аралас жарыста мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама