Қазақстандық дзюдошы қыз Олимпиадаға жекелей сында да қатысатын болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

"Эсмигул Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын. Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады",  - дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында.

Еске сала кетейік, Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері. 

Париж Олимпиадасында Қазақстаннан жалпы есебі сегіз дзюдошы бақ сынайды. 

Әйелдер:
Абиба Әбужақынова - 48 кг
Эсмигуль Куюлова - 63 кг
Камила Берліқаш - +78 кг

Ерлер:
Елдос Сметов - 60 кг
Ғұсман Қырғгызбаев - 66 кг
Данияр Шамшаев - 73 кг
Абылайхан Жұбаназар - 81 кг
Шархан Нұрлыхан - 100 кг

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама