Қызылорда әкімі Олимпиадаға баратын боксшыға пәтер сыйлады

О Сансызбай Корреспондент

Кеше Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа екі бөлмелі пәтер сыйлады.

Еске салсақ, Қамшыбек Ханчжоу (Қытай) қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Аймақ басшысы боксшының дайындық барысы туралы сұрап, алдағы дүбірлі додадан жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама