Шавкат Рахмонов UFC чемпионы титулына таласуға дайын
«Рекорд 18-0, 100% мерзімнен бұрын жеңістер немесе соңғы үш жекпе-жекте 0-3. Менің ойымша, титул үшін кім күреседі деген сұрақ бұл жерде туындамауы керек», - деп жазды Шавкат X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, бұған дейін жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) жылдың соңғы нөмірлі турнирінде (UFC 310, 7 желтоқсанда өтеді) Рахмоновпен немесе Усманмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!