Қырғыздар марапаттау рәсімінде алқаларын тақпай, трибунадан кетіп қалды

Нұрбол Ынтымақұлы Корреспондент
Фото ©️ Massaget.kz

Бейнеден Қырғызстан құрамасының марапаттау рәсімі бітпей жатып, мойындарындағы алқаны шешіп, трибунадан кетіп бара жатқаны аңғарылады. Болған жайтқа қатысты көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев пікір білдірді.

"Енді спорттық этикаға келмейді. Бұны эмоцияға жабуға болмайды, өйткені спортта бірде – ұтасың, бірде – ұтыласың", - дейді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев

Көкпардан финал ойындары жанжалмен басталған еді. Бірінші кезеңнің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда көкпаршылар қақтығысып, ойын жарты сағатқа тоқтатылған. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары ендігі кезекте көкбөріден сынға түстетін болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама