Елена Рыбакина 18 жастағы қарсыласын жеңіп, Мадридтегі турнирдің ширек финалына шықты

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/wta

Оның қарсыласы 18 жастағы чехиялық теннисші Сара Бейлек болды. Ол турнирдің іріктеу кезеңдерінен бастап, одан сүрінбей өтті. Бірінші және екінші айналымда ресейлік теннисшілер Анна Блинкованы, Анна Калинскаяны жеңді. Үшінші кезеңде америкалық Эшлин Крюгерді жарыс жолынан шығарды. Алайда бұл жолы қазақстандық теннисшіден айласын асыра алмады.

Елена Рыбакина қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Енді Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалда ресейлік теннисші Дарья Касаткина мен қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама