Әйелдер күресінен қоржынға тағы 2 медаль түсті
57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан кіші финалда грекиялық Мэри Маниді 5:1 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.
65 келіге дейінгі салмақта Ұлдана Тілеухан мен беларусьтік Анастасия Команова арасындағы қола жүлде үшін белдесу, отандасымыздың пайдасына 17:2 айқын басымдықпен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим балуандары екі күміс медаль жеңіп алған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!