Олимпиада-2024. Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто финалға шықты

Ақтоты Жапатова Корреспондент
Фото ©️ ©Владислав Семенов

3000 метрге кедергілермен жүгіруде ол бесінші нәтиже көрсетті - 9:16.46.

Жеңіл атлетикадан финал 7 тамызға қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 00:14-те басталады.

Бірақ Қазақстанның тағы бір өкілі - Дейзи Джепкемей 2024 жылғы ойындардың финалына оныншы болып шыға алмады (9:24.69).

Қазіргі уақытта Қазақстанда Олимпиададан алты медаль бар. Дзюдошылар Елдос Сметов пен Гусман Қырғызбаевтың алтын және қола, гимнаст Нариман Құрбановтың күміс, мергендер - Александра Ле мен Ислам Сәтбаевта қола. Сондай-ақ, жартылай финалға шыққан боксшылар Нұрбек Аралбай мен Назым Қызайбай қола жүлдеге кепілдік берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама