Елена Рыбакинаның Мадридтегі жартылай финалдық матчы сенсациямен аяқталды

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/mutuamadridopen

Қазақстандық теннисші бұл кезеңде Беларусь спортшысы, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесті.

Елена Рыбакина алғашқы сетте қарсыласын 6:1 есебімен жеңгенімен, кейінгі екі сетте Арина Соболенко 5:7, 6:7(5) есебімен есе қайтарды.

Енді Арина Соболенко чемпиондық титул үшін соңғы бәсекеде Ига Швентекпен таласады. Былтыр да теннисшілер дәл осы турнирдің финалында кездескен еді. Онда Беларусь теннисшісі жеңіске жеткен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама