Қазақстан боксы IBA-дан кетуі керек – Геннадий Головкин

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ offside.kz

IBA ұйымын қазір ресейлік Умар Кремлев басқарады. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бұл ұйымды парақорлық пен кей әрекеттері үшін айыптап, ресми серіктес деп танымайды. 2020 жылдан бастап олимпиадалық іріктеу мен жарыстарды өздері ұйымдастыра бастады.

Осы жылдың мамыр айында ХОК IBA жарыстарына қатысатын елдің құрамалары 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатыстырылмайды. Геннадий Головкин Қазақстан бокс федерациясына IBA-дан шығып, ХОК ресми ұйым ретінде тануға шақ тұрған World Boxing құрамына қосылуға кеңес береді.

«Біз өз тарапымыздан ҚБФ-ны World Boxing ұйымына кіруге үгіттейміз, ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ, ҚБФ-ның таңдау құқығы бар. Шешімді өздері қабылдайды. Құқықтық тұрғыдан мен оларға қысым көрсете алмаймын», - деді Головкин.

Бүгінде World Boxing ұйымына Аустралия, Аргентина, Барбадос, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Гондурас, Дания, Доминика Республикасы, Канада, Моңғолия, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Панама, Перу, Сингапур, АҚШ, Франциялық Полинезия және Швеция кіреді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама