Қазақстан атынан Олимпиадада жүлде алған моңғол қызы қайда жүр?
Галбадрах 2021 жылы мансабын аяқтап, еліне қайтқан. Тұрмысқа шығып, дүниеге сәби алып келген. Ал қазір Ұлан-Батырда жаттықтырушы қызметін атқарады. Қазір оның дзюдо клубында 100-ден аса жас спортшы тәлім алады.
Галбадрах Отгонцэцэг 48 килоға дейінгі салмақта белдесті. Өз елінде бірінші нөмірлі спортшы атана алмады. Моңғол құрамасында құрбысы Уранцэцэг Мунхбат үздік болды. Нәтижесінде Қазақстан азаматтығын алып, халықаралық жарыстарға қатысты.
Моңғол дзюдошысы өз сұхбаттарында Қазақстан атынан жарыстарға қатысқанына өкінбейтінін айтады. Себебі Олимпиада ойындарына қатысып, жүлдегер атанды. Бала арманын орындады. Өзінің жаңа мүмкіндіктерін ашқанын жасырмайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!