"Қазақ тілінде бірде-бір әдістемелік құрал жоқ". Комментатор Ермұхамед Мәулен еліміздегі футбол мәселелерін жайып салды

Ақтоты Жапатова Корреспондент
Фото ©️ видеодан кадр

"Еліміздегі көпшілік футбол мектептерінде жаттықтырушылар сабақты орыс тілде жүргізеді. Неге екенін сұрасаң, "келетіндердің ішінде орыс тілді балалар бар, олар қазақ тілінде түсінбейді" дейді. Басқаша айтқанда келіп тұрған қазақ тілді балалардың еңсесін түсіріп, бірінші орыс тілділерге түсіндіріп, "сендер солардан көріп алыңдар" дегенмен тең ғой", - деп ренішін білдірді подкаст қонағы Бек Шмат.

Бек Шмат бұған қатысты өз ұсынысын айта кетті.

"Бапкерлерге лицензия беретін кезде міндетті түрде қазақ тілінде емтихан болса, тапсыра алмаған жағдайда белгілі бір мерзімге кейін шегертіп тастаса жақсы болар еді", - дейді ол.

Алайда комментатор Ермұхамед Мәулен Қазақстанда бапкерлерге арналған барлық емтихан орыс тілінде өтетінін атап өтті.

"Бүкіл Қазақстан аумағындағы барлық категорияға емтихан орыс тілінде тапсырылады. Мен осы федерацияда жұмыс істейтін адам ретінде 100 пайыз кепілдік беремін. Қазақ тілінде ешқандай ереже жазылмаған. Бұл проблеманың жалғыз шешімі - D категориясына емтиханды түгел қазақ тілінде өтікізу. Ол 30 сұраққа қазақ тілінде жауап беретін болса, ол автоматты түрде қазақ тілін білетін адам деген сөз", - дейді ол.

Сондай-ақ ол неліктен емтихандар орыс тілінде тапсырылатынын да айта кетті.

"Өйткені бүкіл футбол әліпбесі мен ережесі орыс тілінде жазылған. Қазақ тілінде "футбол бапкерлерінің әдістемелік құралы" деген бірде-бір құрал жазылмаған, тіпті аударылмаған", - дейді Ермұхамед Мәулен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама