Геннадий Головкин бокс арқылы қанша байлыққа кенелген?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ©twitter.com/GGGBoxing

Wealthy Gorilla басылымы ақпараты бойынша Генаның байлығы 30 миллион долларды құрайды. Бұл көрсеткішпен ол әлемдегі ең бай 50 боксшы қатарында 20-орынға табан тіреген. 

Геннадий Головкин – орта салмақта екі бірдей чемпиондық атақты иеленіп, көптеген жетістік биігін бағындырған қазақстандық боксшы. 2017-2018 жылдары pound-for-pound нұсқасы бойынша үздік боксшы болып танылған. Ол 394 жекпе-жекке шығып, бірде-бір рет нокаутқа түспеген. Головкин әртүрлі брендтік компаниялармен келісімшартқа отырған, олардың қатарында ең қымбат сағат шығаратын Hublot және алкогольді сусындар өндіретін Chivas Regal бар, - деп жазады басылым. 

Рейтинг көшін америкалық боксшы Флойд Мейвезер (кішісі) бастап тұр. Оның байлығы 450 миллион долларды құрайды. Одан кейінгі орындарға әйгілі Джордж Форман (300) мен Мэнни Пакьяо (200) орналасқан. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама