2024 жылы қазақстандық спортшыларды қандай маңызды жарыстар күтіп тұр?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ meta-ratings.kz

Еліміз үшін жылдың маңызды тарихи оқиғасы – елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу (2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында). Қазақстанға әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар келеді деп күтілуде. Ойындардың бірегейлігі – спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламалардың ұштасуында. Бағдарламаға 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрі кіріп, 110 медаль жиынтығы ойнатылады. Жарыс ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, құстармен аң аулаудың түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша өтеді. 

Биыл Астанада әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ташкентте (Өзбекстан) өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми отырысында хабарланды. IBA Федерациясы президентінің айтуынша, турнирдің жалпы жүлде қоры 4,8 миллион АҚШ долларын құрайды. Әлем чемпионы атанған боксшы 200 000 АҚШ долларын алады.

Сондай-ақ 2024 жылдың қарашасында Астана қаласында самбодан әлем чемпионаты жоспарланған. Өткен жылы күзде Ереванда өткен самбодан 48-ші әлем чемпионатына 65 ел қатысып, жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 5 қоламен үшінші орынға табан тіреді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама