Күніне 10 мың қадам жүретін болсаң ағзада қандай өзгеріс болады?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz| Болат Айтмолда

Күніне 10 мың қадам жасаудың пайдасы

Физикалық қалыпта болу

Жаяу жүру аяқ бұлшықеттерін қатайтады, төзімділік пен табандылыққа жол бастайды. Белсенді физикалық жаттығулар бұлшықетті ғана нығайтып қоймай, жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын да жақсартады.

Жүрекке пайдалы

Жаяу жүру жүрекке пайдалы ең қарапайым жаттығу. Қандағы холестерин мен қысымды төмендетуге көмектеседі, жүрек бұлшықетін қалыпқа келтіреді.

Салмақ қоспайсыз

Күнделікті жаяу жүріп серуендеу артық салмақ қоспаудың бір себепкері. Қимылдау арқылы ағзадағы зат алмасу, асқазан-ішек жолдары қызметі жақсарады.

Көңіл-күй көтеріледі

Физикалық белсенділіктен бақыт гормоны эндорфин бөлінеді. Бұл арқылы адамның көңіл-күйі көтеріліп, күйзелісі азаяды. Таза ауада серуендеу де ағзаның тынығуына пайдалы.

Сүйекті қатайтады

Жаяу жүру ағзаға көп салмақ түсірмейтін жаттығу. Сүйекті қатайтып, остеопороз дертіне шалдықпауға көмектеседі.


depositphotos/blasbike

Жаяу жүруден ләззәт алуға қажетті кеңестер

Аяқ киім ыңғайлы болу керек

Серуендеуге шығар алдында аяқ киімнің жайлы болуын қадағалаңыз. Бұл жүргенде ыңғайлылық әрі жарақат алып қалмауға көмектеседі.

Бірден көп жүрмеңіз

Жаяу жүруді ақырындап бастаңыз. Бір күнде көп уақыт жаяу жүріп, ағзаға салмақ түсіріп алуыңыз мүмкін. Сол үшін ақырындап бастап, біртіндеп қадам санын арттыра түскен абзал.

Ағзаңызды бақылаңыз

Жаяу жүру кезінде өзіңізді жайсыз сезінсеңіз немесе ағзада ауырлық байқалса, жаттығуды тоқтатқаныңыз абзал. Ағзаға күш салуға болмайды, қайта қалпына келуіне жасау керек.

Қорытынды

Күніне 10 мың қадам жүру денсаулықты нығайтып, физикалық формаңызды сақтап жүруіңізге сеп болады. Бұлшықеттердің шынығуынан бастап, жүрек жұмысын жақсартып, салмақты қалыпты ұстауға көмектеседі. Алайда ағзаңызды бақылап, өзіңіз көп күш түсірмеуге тырысыңыз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама