Бір матчта футболшы қанша шақырым жүгіруі мүмкін?

Қымбат Слямбек Корреспондент
Фото ©️ sportky.zoznam.sk

Роналдудың шашы мен Мессидің жүгірісін айтып, жоқ жерден тақырып талқылап кететініміз бар. Алайда ешкім футболшының бір матчта қанша шақырым жүгіріп, қанша рет шабуылға шыққанын санап жатпаймыз.

Ендеше ойша осы бір шақырымның мөлшері мен ұзындығын өлшеп көрейікші. Мұндай күрделі алгоритмді алғаш құрастырған – SportVU порталы болды.

Сөйтсек, әр команданың ойыншысы 90 минуттың ішінде орташа есеппен 11 шақырым жүгіреді екен. Ең көп жүгіретіні – жартылай қорғаушы. Олар қорғаныс ұстау мен шабуылға шығу үшін кем дегенде 8-9 шақырым жүгіреді.

Ал ең аз жүгіретін – қақпашы. Оның өзі бір матчта 2-3 шақырым жүгіріп тастайды. Қорғаушылар 5-6 шақырым, шабуылдаушы 7-10 шақырым жүгіреді.

Сонда 22 футболшы бір ойында 248 шақырым жүгіреді екен.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама