Адам қай жастан бастап қарт кісі болып саналады?

Ақтоты Жапатова Корреспондент
Фото ©️ pixabay.com

Халықаралық стандарттар

ДДСҰ мәліметтері бойынша, адам 60 жастан бастап қарт кісі болып саналады. Бұл жаста адамда қартаюдың алғашқы белгілері пайда болады және көпшілік адам зейнетке шығады. Алайда адамдар ұзақ және белсенді өмір сүретін Жапония немесе скандинавиялық елдерде егде жас 65 және одан жоғары жасқа ысырылады.

ДДСҰ мына жас категорияларын ұсынады:

  • Егде жас: 60-74 жас;
  • Кәрілік: 75-89 жас;
  • Ұзақ өмір сүретіндер: 90 және одан жоғары.

Медициналық көрсеткіш

Медицина көзімен егде жас ағзадағы өзгерістермен сипатталады: зат алмасудың төмендеуі, созылмалы аурулардың басталуы, бұлшық ет массасының өзгеруі және жалпы хал-жағдайдың нашарлауы. Сондықтан мұндай өзгерістер айқын бола түсетін және олар күнделікті белсенділікке әсер ете бастайтын кезеңді егде жас деп санайды.

Алайда заманауи зерттеулер салауатты өмір салты, жүйелі физикалық жаттығулар және медициналық тексерістер қартаю процесінің мерзімін ұзарта алатынын дәлелдеп келеді.

Психологиялық аспект

Жас – тек физикалық өзгеріс емес, сондай-ақ өзін-өзі қабылдау. Көптеген адам 60 жастан кейін де өздерін жас және белсенді сезінеді.

Кей зерттеулер бойынша, адам өзін қандай да бір нақты жасқа келгенде емес, күнделікті өмірде шектеулерге тап болғанда өзін қарт сезінеді. Көпшілік үшін егде жасқа өту туған күніне емес, өмірлік тәжірибесі мен мүмкіндіктеріне байланысты.

Еске салайық, Қазақстанда ер адамдар үшін зейнетке шығу жасы – 63 жаста, әйелдер үшін – 61 жас. Бұған дейін Алматыда зейнеткерлерге қандай көмек көрсетілетінін ұсынған болатынбыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама