"3 миллион көрермен". Криштиану Роналду YouTube желісіне тіркелді

Дина Ибраева Корреспондент
Фото ©️ Gettyimages.ru

Хабарландыру жарияланған сәттен бастап үш сағаттың ішінде оған 3 миллионнан астам адам жазылған.

"Күту мерзімі аяқталды. Енді менің YouTube арнам бар. Жазылыңыз және осы жолда маған қосылыңыз", - деп жазды Роналду әлеуметтік желіде.

Танымал футболист қазірдің өзінде арнасында 11 видео жариялады, оның төртеуі Джорджинамен бірге түсірілген. Оның сүйіктісі де жанкүйерлерін қуантып жатыр - Джорджина Netflix-те өзінің реалити-шоуының үшінші маусымын жариялап үлгерді. 

Айта кетейік, футболшының Instagram желісінде 636 миллион оқырманы бар. Әзірге әлемде ешкімде мұндай көп оқырман жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама