Роналду мен Пепе – рекорд, Португалия камбэк жасады
Лейпцигте өткен кездесудің бірінші таймында гол соғылмады. Бұл осы Еуропа чемпионатында бірінші таймы 0:0 болып аяқталған алғашқы ойын болды.
Ойын басталысымен екі бірдей рекорд жаңарды. Роналду Еуропа чемпионатына 6-шы рет қатысып жатқан алғашқы футболшы мәртебесіне ие болды. Ал оның командаласы әрі досы Пепе қарт құрлықтың басты додасына қатысып жатқан ең егде жастағы ойыншы атанды.
Ойынның екінші таймы ширақ басталды. 62-минутта Лукас Провод есеп ашып, Чехия құрамасын алға шығарды. Олардың қорғаныста жүріп, бір жасаған шабуылы нәтиежемен аяқталды.
Алайда португалдық футболшылар шабуылды үдетіп, араға 3 минут сала есепті теңестіріп кетті. Робин Гранач өз қақпасына автогол соғып алды.
Португалия құрамасы ойынның қосымша уақытында камбэк жасады. Оны алаңға шыққанына екі минут болған Франсишку Консейсау соқты. Осылайша Роналду бастаған жігіттер топтағы бірінші ойынын жеңіспен аяқтап, 3 ұпай еншіледі.
Бұл топтағы бірінші ойында Түркия Грузия құрамасын ұтқан еді.