Испания Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент

Штуттгартта өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды. 51-минутта Дани Ольмо Ламин Ямальдың пасынан кейін есеп ашып, "қызыл фурияны" алға шығарды. 

Германия құрамасы 89-минутта есепті теңестірді. Флориан Вирц немістерді жеңілістен құтқарып қалды. 

Экстра-тайм аяқталар тұста Испания құрамасы жеңіс голын соқты. Дани Ольмоның әуелете асырған добын Микель Мерино Мануль Нойер қақпасында тулатты.

Осылайша Испания құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Ал Германия өз еліндегі жарысты ширек финалда аяқтады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама