Германия драмаға толы ойында Данияны ұтты

О Сансызбай Корреспондент

Дортмундта өткен ойын драмаға толы болды. Үш бірдей гол есепке алынбады. Ал бірінші таймның 35-минутында нөсер құйып, найзағай ойнады. Бас төреші Майкл Оливер ойынды тоқтатып, үзіліс жариялады. Нәтижесінде командалар күн райы түзелгеннен кейін барып алаңға қайта оралды. 

Германия ойындағы екі голды да екінші таймда соқты. 53-минутта Кай Хаверц пенальтиді сәтті орындады. 68-минутта Джамаль Мусиала есепті еселеді. 

Ширек финалда Германия құрамасы Испания – Грузия кездесуінде жеңіске жеткенімен ойнайды. 

Айта кетейік, осыған дейін бірінші болып Италияны ұтқан Швейцария ширек финалға шыққан еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама