Еуро-2024. Украина құрамасы Словакияға қарсы маңызды ойында жеңіске жетті
Ойынның бірінші кезеңінде Словакия құрамасы есепте алда болды. 17-минутта Иван Шранц есеп ашты. Бірінші тайм словактар үшін сәтті өтті. Шабуылда ширақ, қорғаныста мығым ойнады.
Екінші таймда Украина құрамасы есепті өзгертуге ұмтылды. Нәтижесінде 54-минутта таразы басын теңестірді. Жартылай қорғаушы Николай Шапаренко өз мүмкіндігін мүлтіксіз пайдаланды.
80-минутта алаңға екінші таймда шыққан Роман Яремчук жеңіс голын соқты. Осылайша Сергей Ребров шәкірттері топтан шығу мүмкіндіктерін сақтап қалды.
Украина құрамасы топтағы соңғы ойынын Бельгияға қарсы өткізеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!