Англия құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент

Дюссельдорфта өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды. Бірінші болып 75-минутта Эмболо гол соғып, Швейцарияны алға шығарды.

Араға 5 минут сала Букайо Сака таразы басын теңестірді. Оның алыстан тепкен добын Ян Зоммер қайтара алмады. 

Экстра-таймда құрамалар есепті өзгерте алған жоқ. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында ағылшындардың бағы жанды. 5:3 есебімен жеңіске жеткен Англия жартылай финалға шықты. 

Гарет Саутгейт командасы жартылай финалда Нидерланд – Түркия кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама