Еуро-2024. Грузияны ойсырата ұтқан Испания Германияға қарсылас атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ UEFA EURO 2024

Кельнде өткен ойында бірінші болып грузиндер есеп ашты. 18-минутта Ле Норман өз қақпасына автогол соғып алды. Бірінші тайм аяқталғанға дейін испандар нәтижені теңестіре білді. 39-минутта Нико Уильямстың пасын сәтті пайдаланған Родри есепті теңестірді. 

Екінші тайм толықтай Испанияның басымдығымен өтті. 51-минутта Фабиан Руис Ламин Ямальдың пасынан кейін есепте құрамасын алға шығарды. Ал Ямаль Еуропа чемпионаты тарихында нәтижелі пас берген ең жас ойыншы атанды. 

Кездесу аяқталғанға дейін Нико Ульямс пен Дани Ольмо бір-бір голдан соқты. Осылайша Испания құрамасы Еуропа чемпионатының басты фавориті екенін тағы бір рет дәлелдеді. 

Ширек финалда Испания Германиямен кездеседі. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама