Словакия сенсация жасай алмады. Англия – ширек финалда!

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/england

Гельзенкирхенде өткен ойынның негізі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 25-минутта Иван Шранц Словакия құрамасын алға шығарды.

Ағылшындар есепті ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда ғана теңестірді. Словактардың қорғанысы соңғы сәтте ғана сыр берді. Англияны жеңілістен құтқарып қалған – Джуд Беллингем

Экстра-тайм басталған тұста-ақ Англия екінші голын соқты. Бұл жолы команда капитаны Харри Кейн мергендігімен көзге түсті. Осылайша ағылшындар абыройсыз қалудан аман қалса, Словакияға сәттілік жетіспеді. 

Англия ширек финалда кеше ғана Италия құрамасын еліне қайтарған Швейцариямен кездеседі. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама