Еуро-2024. Португалияны ұтқан Грузия құрамасы плей-оффқа шықты

О Сансызбай Корреспондент

Гельзенкирхенде өткен ойында грузиндер 2:0 есебімен жеңіске жетті. 2-минутта Хвича Кварацхелия гол соқса, 57-минутта Жорж Микаутадзе пенальтиді сәтті орындады. Осылайша 4 ұпай жинап, топтан 3-орынмен шықты. 

Жорж Микаутедзе жарыстағы үшінші голын соғып, әзірге Еуропа чемпионатындағы мергендер көшін бастады.


Бұл топтағы екінші ойында Чехия мен Түркия құрамалары кездесті. Гамбургте өткен ойында түріктер камбэк жасады. Ал чехтар болса 20-минуттан бастап-ақ 10 ойыншымен қалған еді. Жартылай қорғаушы Антонин Барак қызыл қағаз алып кетті. 

Кездесудегі үш гол да екінші таймда соғылды. 51-минутта Хакан Чалканоглу есеп ашты. 66-минутта Томаш Соучек есепті теңестіре білді. Алайда ойын аяқталар тұста Түркия құрамасы жеңіске бастар жолды тапты. Дженк Тосун жеңіс голын соқты. 

1/8 финалда Грузия Испаниямен, Португалия Словениямен, ал түріктер Австрия құрамасымен кездеседі. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама