Еуро-2024. Австрия сенсация жасады, Франция екінші ойын қатарынан ұта алмады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ twitter.com/EURO2024

Жарыстың фавориті саналған француздар өз тобында екінші орын алды. 6 ұпай жинаған Австрия құрамасы 1-орын алып, сенсация жасады. Соңғы турда олар Нидерланд құрамасын 3:2 есебімен ұтты.

Берлинде өткен ойында 5 гол соғылды. Австрия құрамасы сапында Шмидт пен Забитцер бір-бір голдан соқты. Ал ең бірінші гол автогол болды. Оны Нидерланд құрамасының ойыншысы Мален өз қақпасына соғып алды. 

Нидерланд құрамасы сапында Гакпо мен Депай мергендігімен көзге түсті. 

Франция мен Польша 1:1 есебімен тең ойнады. Екі гол да екінші таймда пенальтиден соғылды. Алдымен 56-минутта Мбаппе пенальтиді сәтті орындаса, 79-минутта Левандовский 11 метрлік соққыдан есепті теңестірді. 

Маскамен ойынға шыққан Килиан Еуропа чемпионатындағы алғашқы голын соқты.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама