Еуропа чемпионатын ерте аяқтаған екінші құрама белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент

Соңғы турда Германия мен Швейцария құрамалары 1:1 есебімен тең ойнады. 28-минутта Дэн Ндойе есеп ашып, швейцариялықтарды алға шығарды. Ойын аяқталар тұста Никлас Фулкруг есепті теңестірді. Осылайша немістер 7 ұпаймен өз тобында бірінші орын алды. Екінші жолдаманы 5 ұпай иеленген Швейцария құрамасы жеңіп алды. 3 ұпай жинаған Венгрияның да аздаған мүмкіндігі бар. 

Венгрия Шотландияға қарсы өткен маңызды кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын ойын аяқталар тұста Кевин Ксоботч соқты. Осылайша мажарлық футболшылар алғашқы 3 ұпайын алса, Шотландия жарыспен қош айтысты.

Бүгін түнде "В" тобындағы құрамалардың ойыны өтеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама