"С" тобындағы Дания мен Англия ойыны да тең аяқталды

О Сансызбай Корреспондент

Ойындағы екі гол да бірінші таймда соғылды. 18-минутта Харри Кейн ағылшындарды алға шығарды. Осы маусымдағы 50-ші голын еншісіне жазды. 

34-минутта даттар таразы басын теңестірді. Мортен Юльманның алыстан тепкен добы қақпа бағанына тиіп, торда тулады. 

Екі ойын қорытындысы бойынша 4 ұпай жинаған Англия құрамасы турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Дания мен Словения құрамалары еншісінде 2 ұпайдан бар. Сербия 1 ұпаймен соңғы орында тұр. 

Айта кетейік, Дания мен Словения іріктеуде Қазақстанмен бір топта болған еді. Астанада өткен ойында Қазақстан Данияны 3:2 есебімен жеңіп кеткен болатын. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама