2 минутта – 2 гол! Хорватия мен Албания тең тарқасты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ UEFA EURO 2024 (Х)

Бірінші таймда Албания құрамасы алда болды. 11-минутта Казим Лацидің соққан голы командасын алға шығарды. 

Екінші таймда хорваттар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Сондай шабуылдың бірі сәтті аяқталды. 74-минутта Андрей Крамарич есепті теңестірді. Араға екі минут сала Клаус Гжасула өз қақпасына автогол соғып алды. 

Ойын аяқталар тұста албандар шабуылын үдетті. Қосымша уақытта өз қақпасына гол соғып алған Клаус Гжасула командасын жеңілістен құтқарып қалды. Осылайша екі құрама бір-бір ұпай бөлісті. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама