Грузия құрамасы тарихи ойында Түркияға есе жіберді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ UEFA EURO 2024

Ойында бірінші голды 25-минутта Мерт Мюлдір соқты. Араға 2 минут сала Кенан Йылдыз екінші голды соққан. Алайда ойыннан тыс қалғаны анықталып, есепке алынбады. 

32-минутта Грузия алғашқы жарысындағы тарихи голын соқты. Георгис Микаутадзе өз мүмкіндігін пайдаланып, таразы басын теңестірді. Грузияның Еуропа чемпионатындағы бірінші голын соқты. 

65-минутта "Реалда" ойнайтын Арда Гюлер алыстан тамаша гол соғып, Түркияны алға шығарды. Ойын аяқталар тұста Грузия есепті теңестіруге барынша ұмтылып, қақпашы Гиорги Мамарашвили де шабуылға шықты. Бірде қорғаушы, бірде қақпа бағаны Түркияны голдан құтқарып қалды. 

Қосымша уақыт та аяқталар сәтте Түркия футболшысы Керем Актюркоглу ойындағы есепті 3:1-ге жеткізді. Осылайша түріктер топтағы бірінші ойында 3 ұпайға ие болды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама