Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол соғылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ©x.com/EURO2024

Албания құрамасы ойынның 21 секундында-ақ есепте алға шықты. "Скуадра Адзурра" қателігін оңтайлы пайдаланған Байрами мергендігімен көзге түсті. Осылайша еуродода тарихында 20 жылдан бері жаңармаған рекордты жаңартты. Соңғы рет ең жылдам голды 2004 жылы Ресей құрамасының ойыншысы Дмитрий Кириченко соққан еді.

Еуропа чемпионаты тарихында ең жылдам соғылған голдар:

0:21 – Байрами (EURO 2024)
1:07 – Kириченко (EURO 2004)
1:22 – Форсберг (EURO 2020)
1:39 – Поульсен (EURO 2020)
1:40 – Левандовский (EURO 2016)

Ойында Италия құрамасы камбэк жасады. 11-минутта Алессандро Бастони, 16-минутта Никола Барелла гол соқты. Осылайша қазіргі Еуропа чемпионы атағына ие құрама жарысты сәтті бастады. 

Айта кетейік, "В" тобындағы бірінші ойында Испания Хорватияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама