"А" тобындағы екінші ойында Швейцария құрамасы жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ©x.com/EURO2024

Швейцария құрамасы 13-ші минутта-ақ есепте алға шықты. Квадво Дуа өзіне берілген тамаша мүмкіндікті ыңғайлы пайдаланып, есеп ашты. Бірінші тайм аяқталар тұста Микаэль Эбишер командасын екі доп басымдығымен алға шығарды. 

Екінші таймда мажарлық футболшылар есеп айырмасын қысқартты. 66-минутта Варнабаш Варга Ян Зоммер қақпасына гол соқты. Алайда ойын аяқталар тұста Швейцария үшінші голын соғып, маңызды 3 ұпайына қол жеткізді. 

Кеше өткен "А" тобындағы бірінші ойында Германия Шотландияны 5:1 есебімен ойсырата ұтқан еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама