Еуропа чемпионатына қатысатын Англия мен Италияның құрамы жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ @Bihlmayerfotografie

Ағылшындардың бас жаттықтырушысы Гарет Саутгейт бастапқыда 33 футболшыны оқу-жаттығуға шақырған еді. Нәтижесінде қорғаушы Харри Магуайр мен жартылай қорғаушы Джек Грилиш Англия құрамасының тізімінен тыс қалды. Алғашқысы жарақатынан толық айықпаса, екіншісі спорттық бабында емес көрінеді.

Джеймс Мэддисон, Кертис Джонс,  Джарред Брантуэйт, Джеймс Траффорд пен Джарелл Куанса да соңғы тізімге ілікпеді. 

"В" тобында Испания, Хорватия және Албанияға қарсы ойнайтын Италия құрамасы да соңғы тізімін жариялады. 

 Айта кетейік Еуро-2024 додасы 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. 

Осыған дейін Opta суперкомпьютері чемпион атануға мүмкіндігі жоғары құрамалар рейтингін жариялады. Олардың зерттеуі бойынша Англия мен Франция құрамалары басты фаворит саналып тұр. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама